15.01.2016ж.
№12 жалпы орта білім беретін мектепте үшінші деңгейлік оқуды оқып келген мұғалімдер мемлекеттік тілде оқытатын мұғалімдерге арналған «Бағалау түрлері» атты коучинг- семинар өткізді.
Жетекші: /2 деңгей/ Ажибекова Б.Б
Коучинг –семинарды өткізгендер: /3 деңгей/ Боранбаева Г.Т.,
Исабекова Д.А.
Коучинг-семинардың негізгі мақсаты: мұғалімдерге формативті, жиынтық, критериалды, дискриптор бағалау түрлері туралы ақпарат беру. Критериилер қоя отырып критериалды бағалау және формативті бағалау жиынтық бағалау жасауға және болашақта сабақтарда қолдана білуге үйрету.
Коучинг- семинардың барысында топқа бөлу,постер жасау ,сергіту сәті, постер қорғау, топтық жұмыс, бағалаудың көптеген түрлері қолданылды. Семинар барысында формативті және суммативті бағалау дегеніміз не екенін, сонымен қатар формативті бағалаудың мынадай түрлері айтылып өтті . Олар: «Бағдаршам», «Бас бармақ», «Лағыл тастар» «Қошемет» және «Критерий арқылы бағалау» түрлері. Осының ішінді «Критерии арқылы бағалауға» нақты тоқталып өтті, өйткені оқушыға тапсырманы орындамас бұрын нақты критерий айтылса , оқушының жауабы да нақты болады делінді. Осыған байланысты мұғалімдерге арнап тапсырма орындатылды. Бұл коучинг – семинардан мұғалімдер бағалау туралы ақпарат алып, күнделікті өздері бағалап жатқан түрлерімен салыстырып, топтық бағалау арқылы критерий жасауды үйреніп, болашақта сабақта қолдануға бейімделеді деген ойдамыз.
Ақпаратты дайындаған қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі:Боранбаева Г.Т.